RU

Әскери күштердің әлемдік рейтингінде Қазақстан нешінші орынға жайғасты

Танк
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстан Global Firepower 2021 атты әскери күштердің әлемдік рейтингінде 62-орынға жайғасты.

Рейтинг нәтижелері Global Firepower ресми сайтында жария болған.

Рейтингке барлығы 138 ел енген. Үздік үштікке АҚШ, Ресей және Қытай кірді. Бутан соңғы 138 орында.

Қазақстан Сербия мен Хорватияның ортасына жайғасып, тізімде 62-ші орынды иеленді. Бұрынғы КСРО мемлекеттерінің ішінде әскери күш бойынша рейтингте Қазақстан Ресейден (2), Украинадан (25), Беларусьтен (50) және Өзбекстаннан (51) қалып қойды.

Посткеңестік елдер арасында рейтингте Әзірбайжан (64) Қазақстанға ең жақын ел болып отыр.

Әскери күштердің жаһандық индексі 50-ге жуық факторды ескере отырып жасалады. Рейтингті құру кезінде әскери қызметке жарамды адамдардың саны, қаржыландыру мөлшері, ӘӘК, әскери-теңіз күштері және өзге де критерийлер ескерілген.

Еске салсақ бұған дейін австралиялық Lonely Planet басылымының сарапшылары 2021 жылы саяхат жасауға арналған үздік елдердің тізімін жасаған еді. Аталмыш тізімге Қазақстан да енген.

Одан бөлек, әлемдегі ең қауіпсіз елдер тізімі жаңартылған болатын. "Экономика және бейбітшілік институты" аналитикалық орталығы жариялаған бейбітшіліктің жаһандық индексінде бірінші орынды иеленген Исландия елі әлемдегі ең қауіпсіз мемлекет болып танылды. Бұл тізімде Қазақстанның нешінші орынға жайғасқаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894198-skeri-ksterdi-lemdik-rejtinginde-kazakstan-nesinsi-orynga-zajgasty/