Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеуге қайтып келген Навальный бірден қамауға алынды (фото, видео)

Опубликовано:

Алексей Навальный
Скриншот: Радио Свобода / YouTube

Алексей Навальный Германиядан Ресейге оралды. Оппозиция өкілін бірден әуежайда қамауға алған деп хабарлайды РИА Новости.

Алексей Навальныйдың ұсталғаны туралы ақпаратты Үкімдерді орындау жөніндегі федералдық қызмет (бұдан әрі ҮОФҚ) растады. Оппозиция өкілі әйелімен бірге Германиядан қайтып келе жатқан ұшақ Мәскеудің Шереметьево әуежайына қонған.

"Шереметьево әуежайында Ресейдің Мәскеудегі ҮОФҚ жедел басқармасы іздеу бөлімінің қызметкерлері шартты түрде жазаға кесілген Алексей Навальныйды ұстады, ол сынақ мерзімін бірнеше рет бұзғаны үшін 2020 жылдың 29 желтоқсанынан бастап іздеуде болған", - деп хабарлады департамент.

Навальныйға бұлтартпау шарасын қолдану мәселесін сот анықтайды, сот шешімі шыққанға дейін ол қамауда болады.

Бұған дейін сотталушының адвокаты Алексей Навальныйды іздеуде жүргендердің тізіміне енгізу туралы шығарылған шешіммен танысқан болатын деп атап өтті ҮОФҚ өкілдері.

Оппозиционердің ұсталуына бірқатар Еуропа елдері пікір білдірді. Франция Сыртқы істер министрлігі блогер Алексей Навальныйдың Ресейде ұсталуына алаңдаушылық білдіріп, оны тез арада босатуға шақырды. Еуропалық кеңестің басшысы Шарль Мишель де осындай пікірде.

Сондай-ақ, Чехия сыртқы істер министрлігінің басшысы Томаш Петршичек Алексей Навальный қамауға алынғаннан кейін Ресейге қарсы санкциялар мәселесін ЕО Сыртқы істер министрлері кеңесінде талқылауды ұсынатындығын айтты.

АҚШ-тың сайланған президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан да Алексей Навальныйды босатуға шақырды.

Ресей Сыртқы істер министрлігі шетелдік саясаткерлердің пікіріне жауап берді.

"Халықаралық құқықты құрметтеп, егемен мемлекеттердің ұлттық заңнамасына қол сұқпаңыз және өз еліңіздегі проблемалармен айналысыңыз", - деді департаменттің ресми өкілі Мария Захарова.

Навальный отырған ұшақтың Внуковоға емес, Шереметьево қаласына не үшін қонғаны да белгілі болды.

Life-тің хабарлауынша, Мәскеудің Внуково әуежайы уақытша рейстердің ұшып кетуіне ғана жауап береді, ал қонатын ұшақтар басқа әуе порттарына жіберіледі. Әуе айлағы өкілдерінің айтуынша, бұған арнайы техниканың істен шығуы себеп болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894202-mskeuge-kajtyp-kelgen-navalnyj-birden-kamauga-alyndy-foto-video/

pixel