Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны мыңнан асып кетті

Опубликовано:

Көшеде маска таққан адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты соңғы деректерді жария етті. Қазақстанда бәр тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны мыңнан асып кеткен деп хабарлайды Coronavirus2020.kz telegram арнасы.

Қазақстанда өткен тәулікте 1003 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 125

Алматы қаласы - 97

Шымкент қаласы - 19

Ақмола облысы - 99

Ақтөбе облысы - 21

Алматы облысы - 94

Атырау облысы - 71

Шығыс Қазақстан облысы - 28

Жамбыл облысы - 24

Батыс Қазақстан облысы - 47

Қарағанды облысы - 62

Қостанай облысы - 74

Қызылорда облысы - 5

Маңғыстау облысы - 17

Павлодар облысы - 155

Солтүстік Қазақстан облысы - 55

Түркістан облысы - 10

Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандардың саны 169 099-ға жетті.

Еске сала кетсек, Атырау және Павлодар облыстары коронавирусқа байланысты "қызыл" аймаққа енгенін хабарлаған едік.

2021 жылғы 17 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалауға сәйкес, қазіргі таңда "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар облыстары бар.

"Сары" аймақта – Алматы қаласы, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары.

Барлық басқа аймақтар "жасыл" аймақта орналасқан.

Оған қоса, "Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы" Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 16 қаңтардағы қаулысы Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында жария болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894207-elimizde-bir-tulikte-koronavirus-zktyrgandar-sany-mynan-asyp-ketti/

pixel