Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістандағы моншалардың бірінде шетелдік әйел тәнін саудалап келген

Опубликовано:

Монша
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістанда полицейлер жеңгетайлықпен айналысып, клиенттер үшін жезөкшелерді шақырып отырған монша қызметкерін ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті моншалардың бірінде жеңгетайлықпен айналысып жүрген әйел туралы ақпарат Түркістан полициясының кезекші бөліміне түскен.

Тәртіп сақшылары көрсетілген мекен-жайға барып, келіншекті ұстаған. Оның келушілерге жеңіл жүрісті қыздарды ұсынғаны, сол үшін ақы алғаны анықталды.

Құқық қорғаушылар оқиға орнында ақша үшін жыныстық қызмет көрсеткен Өзбекстан азаматын ұстаған.

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК 309-бабы "Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетсек, Тараз қаласы Төле би көшесіндегі сауықтыру кешенінде жезөкше әйелдердің притоны анықталғанын жазған едік. Полицейлер ғимаратта әкімші болып қызмет еткен 46 жастағы әйелді қолға түсірген.

Айта кетсек, Алматыда жеңгетайлықпен айналысқан әйел кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені хабарланған еді.

Сонымен қатар Алматы қаласында массаж студиясында жасырын интимдік қызмет ұсынған притон анықталған болатын.

Сондай-ақ Қызылорда облысының тұрғыны кәмелет жасқа толмаған қыз баланы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп келгені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894276-trkistandagy-monsalardy-birinde-seteldik-jel-tnin-saudalap-kelgen/

pixel