Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жемқорлық дауы: Samsung мұрагері бас бостандығынан айырылды

Опубликовано:

Ли Джэ Ен
Ли Джэ Ен. Фото: Chung Sung-Jun/Getty Images

Оңтүстік Кореяның Сеул Жоғарғы соты Samsung мұрагері Ли Джэ Енді екі жыл алты айға бас бостандығынан айырды. Ол жемқорлық дауы бойынша кінәлі деп танылған. Бұл туралы Би-би-си хабарлайды.

Бұл іс қайта қаралуда. Бұған дейін дәл осындай құқық бұзушылық әрекеті үшін елдің бұрынғы президенті Пак Кын Хе бас бостандығынан айырылған.

Ли 2014 жылдан бастап іс жүзінде Samsung Electronics компаниясының басқарып келген. Ол 2014 жылы әкесі Ли Кун Хи жүрек талмасы ұстап, ауруханаға түскен сәттен бастап компанияны басқаруды өз қолына алған. Әкесі қазан айында қайтыс болды.

Ли алғаш рет 2017 жылы Пактың серіктестерінің бірін параға сатып алғаны үшін түрмеге жабылған. Бірақ үкім жеңілдетіліп, қайта қаралғанға дейін апелляциялық шағым бойынша тоқтатылды.

Ал Samsung компаниясының өзіне саяси қолдау көрсеткені үшін Чхве Сун-Силем басқаратын екі коммерциялық емес қорға 43 миллиард вон (37,7 миллион доллар) төледі деген айып тағылды.

Ли Джэ Енге пара беру, жымқыру, шетелдегі активтерді жасыру және жалған куәлік беру сынды айыптар тағылды.

Ал Ли Джэ Ен болса барлық айыптауларды жоққа шығарып, тек қайырымдылық фактісін ғана мойындады. Алайда ол үшін Samsung компаниясы орнына ештеңе алмаған көрінеді.

2017 жылдың тамызында сот Ли Джэ Енді кінәлі деп тауып, ол бес жылға бас бостандығынан айырылды.

2018 жылдың ақпанында бұл үкім екі есеге қысқартылып, Сеул Жоғарғы соты оның түрмедегі жазасын тоқтату туралы шешім қабылдап, Ли бостандыққа шықты.

Кейін Жоғарғы Сот істі Сеул Жоғарғы сотының қарауына қайта жіберді. Сот дүйсенбіде шешім шығарды.

Үкімге сәйкес, Ли Джэ Ен екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894299-paraga-katysty-dau-samsung-mrageri-bas-bostandygynan-ajyryldy/

pixel