RU

Алматыда Қуат Хамитовтің соты өтіп жатыр

Қуат Хамитов1
Фото: instagram.com/kuat__khamitov

Алматының Алмалы аудандық сотында қазақстандық файтер Қуат Хамитовке қатысты сот отырысы өтіп жатыр.

"Алмалы аудандық сотында ММА файтері Қуата Хамитовқа қатысты іс қаралып жатыр. Күдікті ҚР ҚК 272 бабының 3-бөлімімен (билік өкіліне бағынбауға шақыру, жаппай құқықбұзушылыққа тарту, арандату, азаматтарға күш қолдануға шақыру) істі боп жатыр.

Бас сот талқылауы 18 қаңтар сағат 14:30-ға белгіленген", - деп хабарлайды ҚазАқпарат Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кету керек, былтыр қыркүйекте қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитов полиция бөлімшесіне жеткізілген болатын.

Ол әлеуметтік желіде билікке қарсы күш қолдануға шақырған. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 272-бабы 3-бөлімімен іс қозғалды.

Еске салайық, бұған дейін Қуат Найман алдағы бес жылда спорт министрі болуға ниетті екенін айтқан болатын.

Атышулы спортшы бұл саланы оған қатысы бар азаматтардың басқарғаны жөн есептейді екен.

"Спорт басқармаларында отырған кісілердің көбісінің спортқа еш қатысы жоқ. Ол мысалы мені химия саласындағы қызметке қойса, мен ол саланы білмеймін. Сол себепті, спортшылар ғана осы спорт мәселесімен айналысу керек. Біз бұл саланы жақсы білеміз, түсінеміз. Бұл қиындықтар басымыздан өткендіктен, оларды өзгертуге біздің ғана шамамыз келеді. Бұйыртса, осы алдағы бес-алты жылда спорт министрі болатын шығармын", - деген еді спортшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894363-almatyda-kuat-hamitovti-soty-tip-zatyr/