Өткен тәулікте елімізде 1000-ға жуық тұрғыннан коронавирус анықталды
Жарияланған күні:
Елімізде өткен тәулікте қанша адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды деп хабарлайды Coronavirus2020.kz.
"Қазақстанда өткен тәулікте 999 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды", – делінген хабарламада.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 124
Алматы қаласы - 79
Шымкент қаласы - 7
Ақмола облысы - 109
Ақтөбе облысы - 4
Алматы облысы - 93,
Атырау облысы - 78,
Шығыс Қазақстан облысы - 47
Жамбыл облысы - 25
Батыс Қазақстан облысы - 50
Қарағанды облысы - 66
Қостанай облысы - 72
Қызылорда облысы - 5
Маңғыстау облысы - 2
Павлодар облысы - 150
Солтүстік Қазақстан облысы - 71
Түркістан облысы - 17.
Осылайша, ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 170 098-ге жетіп отыр.
Айта кетейік, қазір Павлодар облысында жағдай ушығып тұр. Өңір коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша қайтадан "қызыл" аймаққа енген.
Осыған байланысты 20 қаңтардан бастап облыстың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енеді.
Қаулыға сәйкес, демалыс күндері Павлодар облысында сауда орталықтары, базарлар, азық-түлік емес дүкендер мен бутиктер, спорт нысандары, моншалар мен сауналар жұмыс істемейді.
Сенбі және жексенбі күндері автобустар мен шағын автобустар жүрмейді.
Ойын-сауық мекемелерінің қызметіне де тыйым салынады (караоке, бильярд, компьютерлік және түнгі клубтар, басқа да мекемелер).
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894426-kazakstanda-tagy-999-adamnan-koronavirus-anyktaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.