jitsu gif

Сарымсақтың суы коронавирустан қорғайтыны рас па

Сарымсақ
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстандықтар WhatsApp-та бір-бірімен COVID-19-дан қорғану туралы кеңестермен бөлісуде. Көпшілік бір ай бойы сарымсақ суын ішуді ұсынып отыр. Бұл вирусқа қарсы табиғи иммунитет қалыптастыруға септігін тигізеді-мыс. Stopfake.kz сайты бұл ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын анықтады.

Коронавирусты емдеу үшін сарымсақтың пайдасы зор деген тұжырымның авторы – ташкенттік дәрігер Шухрат Халилов.

Дәрігердің сөзіне сенсек, Sars-CoV-2 вирусы ағзаға еніп, иммундық жүйені зақымдайды және тамақпен араласып, "пейер бляшкаларына" – аш ішектің шырышасты қабатындағы солитарлы лимфа фолликулаларының жиналуына әсер етеді.

Алайда шын мәнінде, коронавирус ас қорыту жүйесіне мүлде енбейді. Бұл вирустың иммундық жүйеге де әсері жоқ, тек тыныс алу жүйесі мен өкпені зақымдайтыны дәлелденген.

Оның үстіне, ДДСҰ сарымсақтың пайдасы туралы теорияны бұрын жоққа шығарған болатын.

"Сарымсақ – белгілі бір микробқа қарсы қасиеттерге ие денсаулыққа пайдалы өнім. Дегенмен, қазіргі індет кезінде жаңа коронавирусты жұқтырудың алдын алу құралы ретінде сарымсақты қолданудың тиімділігі туралы ешқандай дәлелдер табылған жоқ", – делінген ұйымның ресми сайтында.

Сонымен қатар ресейлік дәрігерлер мен қазақстандық мамандар сарымсақ суы COVID-19-ға қарсы иммунитетті қалыптастыруға әсер етпейтіні туралы жазған болатын.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.