Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақ-қарасын ажыратып алу керек": Асхат Садырбай жаңа заңға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Асхат Садырбай
Фото: Instagram/sadyrbayaskhat

Отандық танымал журналист Асхат Садырбай бала құқығына қатысты жаңа заң жобасы жайлы өз ойын айтты. Ақпарат өкілі бұл заңды қабылдамас бұрын, алдымен бірқатар мәселенің ақ-қарасын ажыратып алған жөн екенін алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Асхат Садырбай Отбасы туралы жаңа заңға қатысты өз пікірін Instagram желісінде білдірген. Белгілі журналист қарастырылып жатқан заң жобасында қандай мәселелерді ескеру керектігін тізіп шықты.

"Бала құқығына қатысты сұрақ көп. Біздің кейбір заңдар кейде жұмыс істейді, кейде жұмыс істемейді. Заң вроде бар, бірақ жоқ та. Оны қалай айтсаң олай айт құзірет соттың қолында. Жаңа заң жобасына көшпес бұрын осы күнге дейін салғырт-салақ, шала-пұла, қалай болса солай, тек біржақты жүргізіліп жатқан елдегі ювеналды сот жүйесі мен қорғаншылық-қамқоршылық бөліміне қатысты біраз мәселенің ақ-қарасын ажыратып алу керек.

Біздің заң да, сот та әйелдің ығына жығылып тұрады. Әкенің, баланың құқығы ше? Әкені алимент төлеуге ғана міндеттейді. Баланы да, басқаны да әйелдің мойнына арта салады. Кейбір әйелдер (көбі) ажырасқаннан кейін баланы қару ғып алады. Ал, кейбір әйелдер баланы әкесімен кездестіре алмай әлек. Заң, сот ересектерді ажырастырды, болды. Ары қарай баланың ата-анамен қарым-қатынасы жүйеленбейді. Зардап шегетін тағы да бала. Қорғаншылық-қамқоршылық орталықтардың әйелдерге әлі келмейді, сөзі жүрмейді. Онда бұл бөлімнің не керегі бар? Әртүрлі адамдар бар. Қаншама комиссия құрылып жатады, ұйымдар, өкілдер, министрлікке, әкімшілікке қарасты басқармалар, бөлімдер, орталықтар осы уақытқа дейін не тындырды? Қайда олар?

Балалар үйінде таяқ жеп жатқан балалар, зорланып жатқан балалар, ата-анасы жұмысқа кеткенде өртеніп кеткен балалар, үлкендерден қорлық, зорлық көріп жүрген балалар қаншама. Олардың мәселесі тек осы әлеуметтік желіге шығып у-шу болғанда ғана назарға ілінеді. Басқа уақытта ше? Баланы ұрып тәрбиелеу деген бар, баланы себепсізден себепсіз ұрып-соғу бар. Мұндай фактілер өте көп. Осының барлығының ара жігін ажыратып алмаймыз ба?

Баланың жеке бөлмесіне қатысты. Ажырасқаннан кейінгі талап бұрыннан сондай ғой. Бірақ біздің ювеналды сот, қорғаншылық-қамқоршылық бөлімі оны назарға алмайды. Біздің еліміздің сот жүйесінде баланың құқығына қатысты құқық бұзушылықтар өте көп. Бұл мәселені қайтеміз? " , - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін халық арасында қызу талқыға түскен жаңа заңға қатысты өз қарсылықтарын Алтынай Жорабаева мен Жұлдыз Әбдікәрімова білдірген болатын.

Оған қоса, аталмыш заң жобасына әнші Мөлдір Әуелбекова да түбегейлі қарсы шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894448-ak-karasyn-azyratyp-alu-kerek-ashat-sadyrbaj-zaa-zaga-katysty-pikir-bildirdi/

pixel