Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында вакцинаның алдымен кімдерге салынатыны белгілі болды

Опубликовано:

дерт
Көрнекі фото: pexels.com

Түркістан облысында корнавирусқа қарсы екпе медицина қызметкерлерінен бастап салынады деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов айтты. Оның сөзінше, өңірде пандемияның ықтимал екінші толқынында аурудың таралуын болдырмау мақсатында тиісті шаралар қолға алынып жатыр.

Осыған байланысты аймақта 1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы екпе жұмыстары жүргізілмек.

Пашимов қазіргі уақытта облыс бойынша 610 инфекциялық және 340 карантиндік төсек-орын ұйымдастырылғанын жеткізді.

Бүгінде инфекциялық төсек-орындар санының жүктемесі - 23,6%, карантиндік төсек-орынның жүктемесі - 13%-ды құрап отыр, дейді ол.

Ведомство басшысының айтуынша, қажет болған жағдайда инфекциялық төсек-орындар санын 5 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар.

"Сонымен қатар, 12 бірлік жылжымалы медициналық кешен жиынтығы сатып алынып, аудандарды қамтамасыз ету көрсеткіші 100 пайызды құрады. Жедел-жәрдем қызметіне 122 автокөлік сатып алу жоспарланып, 77 автокөлік жеткізілді. Бұл автокөліктер жедел-жәрдем қызметі паркін 96%-ға жаңартуға мүмкіндік береді", – деді Пашимов.

Өз кезегінде облыстық бас мемлекеттік санитар дәрігері Нұрбек Нышанов 1- 19 қаңтар аралығында COVID-19 расталған 231-жағдай тіркелгенін алға тартты. Өңірде 100 мың халыққа шаққандағы интенсивтік көрсеткіш 11,4 құрағані.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894644-trkistan-oblysynda-vakcinany-aldymen-kimderge-salynatyny-belgili-boldy/

pixel