Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Судьяға ұқсайды": Желіде тараған видеоға қатысты Алматыда ресми тексеріс басталды

Опубликовано:

Ішімдік
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыдағы Алмалы аудандық сотының судьясына ұқсайтын мас адамның видеосы желіде тарағаннан кейін ресми тексеріс басталды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Видео қазақстандық блогерлердің Telegram арнасында пайда болған. Кадрда екі мас адамның бейәдеп сөздер айтып отырғаны көрінеді.

Оның біреуі Алмалы аудандық сотының судьясына ұқсайды деп жазады басылым.

Алматы қалалық соты бұл факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеген.

"Әлеуметтік желілерде тараған видео қызу пікірталас тудырды. Тіпті, желі қолданушылары видео кейіпкерінің бірі Алмалы аудандық сотының судьясы деген тұжырым да жасаған. Осы факт бойынша Алматы қалалық соты ресми тексеріс жүргізіп жатқанын хабарлаймын", – деп жазды департаменттің баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын.

Еске сала кетсек, өткен жылы мамыр айының басында саунада түсірілген видео пайда болған еді.

Автор төтенше жағдай кезінде аудандық соттың судьясы мен Алматы облысының аудандық прокурорымен бірге демалып жатқанын айтқан.

Сол кезде облыстық сот видеоны түсірген адамның сот жүйесіне ешқандай қатысы жоқ екенін мәлім еткен болатын. Ал бейнероликтің қалған кейіпкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізілетінін хабарлады.

Видеоға қатысты даудан кейін Панфилов ауданының прокуроры қызметінен босатылды.

Көп ұзамай жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов Алматы облысы Кербұлақ аудандық соты төрағасының өкілеттігін тоқтатты.

Сондай-ақ Алматы облыстық сотының судья әдебі жөніндегі комиссиясы тексеру жүргізіп, аудандық сот төрағасының сот этикасын бұзғанын анықтады. Кейінірек оның да қызметтен босатылғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894786-sudaga-ksajdy-zelide-taragan-videoga-katysty-almatyda-resmi-tekseris-bastaldy/

pixel