Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Әзербайжаннан қызанақтар тасымалдауға уақытша тыйым салды

Опубликовано:

Қызанақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстанға Әзербайжан Республикасының аумағынан қызанақ алып келуге уақытша шектеу енгізді деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Шектеу 2021 жылғы 16 қаңтардан бастап күшіне енген.

Министрліктің мәліметінше, Әзербайжан елінен жеткізілген қызанақ жемістеріне карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде 17 жағдайда Tomato brown rugose cfruit virus (ToBRFV) вирусы анықталған.

Осыған байланысты Комитет уақытша карантиндік фитосанитариялық шара енгізген.

"ISPM №13 "Сәйкестік және төтенше жағдайлар туралы ескерту нұсқаулығының Халықаралық стандарттарына сәйкес Әзірбайжан агенттігіне тиісті нотификациялар жіберілді. Қазақстан Республикасының аумағында вирустың таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шаралары 2021 жылғы 16 қаңтардан бастап енгізілді", - деп хабардар етті ведомстводан.

Қызанақ жемістерінің Tomato brown rugose cfruit virus (ToBRFV) вирусы алқа тұқымдастары дақылы өсімінің 30-70 пайыз төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Еске салсақ, бұған дейін ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Ресейден келетін шошқа мен жабайы қабандарды, олардың етін, өнімдері мен жемазығына дейін шекарадан өткізуге тыйым салған еді.

Бұған Ресейде шошқаның африкалық обасы тарап, малдың қырылып жатқаны себеп болған.

Мамандар шошқа обасы адамға жұқпайтынын, бірақ ауырған мал емделмейтінін айтады. Ондай малды тек жою керек, дейді ведомство.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894801-kazakstan-zerbajzannan-kyzanaktardy-alyp-keluge-tyjym-saldy/

pixel