Елімізде өткен тәулікте 1200-ге жуық адамнан коронавирус анықталды
Жарияланған күні:
Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты соңғы деректерді жария етті деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram арнасы.
Қазақстанда өткен тәулікте 1180 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталған.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 237
Алматы қаласы - 115
Шымкент қаласы - 14
Ақмола облысы - 132
Ақтөбе облысы - 10
Алматы облысы - 82
Атырау облысы - 82
Шығыс Қазақстан облысы - 31
Жамбыл облысы - 25
Батыс Қазақстан облысы - 55
Қарағанды облысы - 71
Қостанай облысы - 67
Қызылорда облысы - 6
Маңғыстау облысы - 17
Павлодар облысы - 140
Солтүстік Қазақстан облысы - 78
Түркістан облысы - 18
Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 172 412-ге жетті.
Еске сала кетсек, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой COVID-19 инфекциясына қатысты болжаммен бөліскен еді. Айтуынша, елімізде наурыз айының соңында коронавирустың шарықтау шегі болуы мүмкін.
"Денсаулық сақтау министрлігінің болжау жөніндегі жұмыс тобы қолданыстағы шектеу шараларын, оның ішінде маска режимі мен әлеуметтік арақашықтықты сақтаған жағдайда және күтілетін вакцинацияны есепке ала отырып, 2021 жылдың соңына дейін эпидемиологиялық ахуалдың даму болжамын құрды.
Аурудың шарықтау шегі наурыз айының соңында тіркелуі мүмкін", - дейді министр.
Сонымен бірге Алексей Цой Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны 1 ақпаннан бастап егу жоспарланып отырғанын хабарлаған еді.
Министрдің сөзінше, халыққа екпе жұмыстары вакцинаның жеткізілу мөлшеріне қарай салынады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894837-kazakstanda-tken-tulikte-1200-ge-zuyk-adamnan-koronavirus-anyktaldy/