Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Цой: 1 ақпаннан бастап Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация басталады

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: Smith Collection/Gado/Getty Images

Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны 1 ақпаннан бастап егу жоспарланып отыр. Бұл туралы үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егу шаруасын жеделдету мақсатында келесі бағытта жұмыс жүргізілуде: 2021 жылғы 19 қаңтарда "Спутник V"вакцинасының 20 мың дозасын әкелу жөнінде Қарағанды фармкешені мен РФ тікелей инвестиция қоры келісімге келеді.

20 қаңтарда бұл вакциналарды "СҚ-Фармация" компаниясына арнайы тәртіп бойынша бір рет әкелуге рұсқат беру көзделген. Осыдан кейін халықтың бұған дейін белгіленген топтарына 1 ақпаннан бастап коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салу жоспарлануда", - дейді Алексей Цой.

Министрдің айтуынша халыққа екпе жұмыстары вакцинаның жеткізілу мөлшеріне қарай салынады.

Айта кетсек, 2020 жылдың 21 желтоқсанынан бастап Қарағанды фармацевтикалық кешенінде ресейлік Спутник V" вакцинасының өнідірісі басталды.

Премьер-министр Асқар Маминнің айтуынша, бірінші кезекте екпе ерікті негізде медицина қызметкерлері, педагогтер, студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті, сондай-ақ созылмалы аурулары бар қауіптілік топтарының өкілдеріне егіледі.

Ал отандық вакцина наурыз айында қолданысқа шығады деп күтілуде.

Цой вакциналар нарыққа шыққаннан кейін негізгі қажеттілікті қамтамасыз етеді деген ойда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894443-coj-1-akpannan-bastap-kazakstanda-koronaviruska-karsy-vakcinacia-bastalady/

pixel