RU

"Отбасылық зорлық-зомбылыққа" қарсы заң жобасына түзетулер енгізілмек

Балалар
Көрнекі фото: pixabay.com

Былтыр мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдап жіберген "Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл" туралы заңнама қоғам арасында дауға айналды. Осыған байланысты депутаттар пікір білдіріп, заңға түзетулер енгізілетінін айтты деп хабарлайды Астана телеарнасы.

"Отбасылық зорлық-зомбылық" заң жобасына түзетулер енгізілмекХалық арасында резонанс тудырған заңды жаңа депутаттар өзгертеміз деп отыр. Жуырда арнайы жұмыс тобы да құрылатын көрінеді.

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, заң жобасындағы түйткілдер түбегейлі өзгереді.  

"Мен алдыңғы шақырылымдағы заң жобасымен танысқан жоқпын. Қазіргі заң жобасында айтылып жатқан бөлімдердің көбі жоқ. Ал енді біз жаңадан бастаймыз. Міндетті түрде заң әр азаматтың құқығын қорғау үшін жасалатын құжат", - дейді Елнұр Бейсенбаев.

Мәжілісте мақұлданған заң жобасын үңіліп оқымаған халық қалаулылары да бар болып шықты.

"Бұл мәселеге үңіле алмай қалып, бірінші оқылымда мақұлдап жіберіппіз. Қарсымын, қазір қарсы болып тұрмын", - дейді мәжілісмен Бекболат Тілеухан.

Бұл заңның көптің қытығына тигені соншалықты оны елде еңбектеген баладан бастап, еңкейген қарияға дейін айтып жүр. Алайда заң жобасы мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданғанымен сенатқа жетпеген. Яғни ол әлі де қаралады.

Жаңа депутаттардың сөзінше, халық мүддесіне жауап беретін заң қабылданады.

Ғ.Өтемісов

Еске сала кетсек, қоғамды шулатқан заң жобасын Қазақстан ата-аналар одағы заңгерлермен бірге үш ай бойы зерттеп келеді. Одақ өкілі Бағила Балтабаеваның айтуынша, аталған заң жобасының қазақ қоғамына келтірер зияны орасан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894848-deputattar-otbasylyk-zorlyk-zombylykka-karsy-is-kimyl-zayna-tzetuler-engizbek/