Қызметін асыра пайдаланды деп айыпталған экс-бас қолбасшы елордада таксист болып жүр
Жарияланған күні:
Қазақстан әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Нұр-Сұлтанда таксист болып нәпақасын тауып жүр. Жандарбек Жанұзақов қызметін асыра пайдаланғаны үшін салынған 30 миллион теңге айыппұлды осылай төлемек деп хабарлайды КТК телеарнасы.
30 жылдан астам уақыт өмірін әскери салаға арнаған Жандарбек Жанұзақов енді әр жолаушының қас-қабағына қарауды үйренген.
Экс-адмирал қомақты табысынан айырылып, такси қызметінің мардымсыз кірісіне мойынсұнып отырса да, бұл еңбекті арсынбайды.
Теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысын қызметін асыра пайдаланып қазына қаржысына қол сұқты деген айыппен былтыр алты жылға бас бостандығы шектелген.
Күзде ісі қайта қаралып, жазасы біршама жұмсарған. Дегенмен Жанұзақовтың өзі тағылған айыппен келіспейді.
"Жолаушыларыммен әңгіме-дүкен құрғаннан кетәрі емеспін. Әңгімелескенде бұрынғы әскери мансабым жайлы да жасырмаймын. Көбі вице-адмирал екенімді естіп, көлігіме қарап және такси қызметімен күнелтіп жүргеніме аң-таң болады. Не деймін оларға, отбасымды асыраудың басқа амалы болмаған соң, осы шаруаға иек артып отырмын. Әрине, мына жағдайыма өкпелеп қалатыным бар. Неге десеңіз нақақтан-нақақ күйіп кеттім", - дейді Жандарбек Жанұзақов.
Дереккөз: КТК телеарнасы
Еске сала кетсек, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қамауға алу мерзімі 2021 жылдың 28 ақпанына дейін ұзартылған болатын.
Оның адвокаты Дмитрий Куряченконың айтуынша, бұл тергеу амалдары әлі де жүргізіліп жатқандығымен байланысты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894860-kyzmetin-asyra-pajdalandy-dep-ajyptalgan-eks-bas-kolbassy-elordada-taksist-bolyp-zr/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.