Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облыстық соты карантинге жабылды

Опубликовано:

Сот ғимараты
Алматы облыстық соты ғимараты. Фото: alm.sud.kz

Алматы облыстық соты карантинге жабылды. Бұл туралы Алматы облыстық сотының Facebook-тегі ресми парақшасында хабарланды.

"Алматы облыстық соты және оның аумағында 2021 жылдың 20 қаңтарынан 2 ақпанына дейін карантиндік шаралар енгізілді", – делінген ресми хабарламада.

Талдықорған қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы "Алматы облыстық соты" РММ ғимаратында және аумағында карантиндік шаралар енгізу туралы" қаулысына сәйкес:

  • соттың жұмысы қашықтан жұмыс режиміне толық ауыса отырып, толығымен тоқтатылады;
  • сот ғимаратына СЭҚ қызметкерлерінен басқаларының келуіне қатаң тыйым салынады;
  • осы мерзімде қарауға тағайындалған істер кейінірек мерзімге ауыстырылады, тағайындалған күні мен уақыты туралы ақпарат қатысушыларға қосымша жолданады;
  • ҚПК-нің 107-бабына сәйкес келіп түскен материалдар судьямен Талдықорған қалалық сотының ғимаратында қашықтықтан қаралады.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты демалыс күндері кафе мен мейрамханалардың, сауда орталықтарының, базарлар мен басқа нысандардың жұмысы тоқтатылатынын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894866-almaty-oblystyk-soty-karantinge-zabyldy/

pixel