Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Вакцина паспорты": Бұл не және қазақстандықтар онсыз еркін жүре ала ма

Опубликовано:

Коронавирус
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Еліміздің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда енгізіліп жатқан "электронды вакцина паспорты" екпе салдыру туралы ақпаратты ұсына отырып, тұрғындардың еркін жүріп-тұруына мүмкіндік береді деген болатын. Цойдың бұл сөзіне қатысты денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жақында өткен үкіметтегі отырыста денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация 1 ақпаннан басталатынын мәлімдеген еді.

Ол екпені есепке алу үшін электронды вакцина паспорты енгізіліп жатқанын айтқан болатын.

"Жүйе жаһандық ақпараттық жүйелермен бірігіп жұмыс істей алады. Бұл вакцина салдырған барлық адамның еркін жүріп-тұруына және талап етілсе қажет ақпаратты көрсетуге мүмкіндік береді", - деген еді Алексей Цой.

KAZ.NUR.KZ тілшісі денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен министрдің еркін жүріп-тұруға қатысты сөздеріне түсініктеме беруді сұрады.

Денсаулық сақтау министрлігі вакцинация жасалған-жасалмағанына қарамастан, тұрғындардың Қазақстанда еркін жүріп-тұру құқығы сақталатын мәлім етті.

"Біздің елімізде коронавирусқа қарсы вакцинацияның ақпан айында басталуына байланысты электронды тіркеу жүйесі - электронды вакцинация паспорты енгізілді. Электрондық төлқұжатты енгізу 21 күндік интервалмен екі рет вакцинация жүргізілетініне байланысты болып отыр - әр азаматқа салынған екпелерді ескеру үшін электронды паспорт енгізіледі.

Шектеу мәселесіне келер болсақ - болашақта кейбір елдерде вакцина салдырмаған адамдарға шектеулер енгізілуі мүмкін. Бұл келер күннің мәселесі. Біздің елімізде бүгінде профилактикалық екпеден өтпеген адамдар үшін ел ішінде еркін жүріп-тұруға ешқандай шектеулер жоқ", - деп түсіндірді Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Лаура Ахметниязова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894871-vakcina-pasporty-bl-ne-zne-kazakstandyktar-onsyz-erkin-zre-ala-ma/

pixel