Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вакцина салдырған қазақстандықтарға еркін жүріп тұру үшін электронды төлқұжат беріледі

Опубликовано:

Вакцина
Көрнекі фото: Andreas Rentz/Getty Images

Үкіметтің онлайн-отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде электронды вакцинация төлқұжаты жасалғанын хабарлады. Азаматтар соның көмегімен вакцина алғаны жайлы ақпаратты көрсете алады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жүйелі есепке алу мақсатында вакцинацияның электрондық паспорты жасалды. Вакцинация туралы мәліметтер министрліктің орталықтандырылған ақпараттық жүйесінде электронды форматта сақталады.

Пациент пен медицина қызметкерінің ақпаратты m-gov мобильді қосымшасына, сонымен қатар веб-қосымшаға енгізуге мүмкіндігі бар.

Жүйе жаһандық ақпараттық жүйелермен бірігіп жұмыс істей алады. Бұл вакцина салдырған барлық адамның еркін жүріп-тұруына және талап етілсе қажет ақпаратты көрсетуге мүмкіндік береді", - дейді министр Алексей Цой.

Электронды төлқұжат
Фото: zakon.kz

Еске сала кетсек, Қазақстанда 1 ақпаннан бастап жаппай вакцина егу басталады.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, халыққа екпе жұмыстары вакцинаның жеткізілу мөлшеріне қарай салынады.

Сонымен бірге Алексей Цой коронавирусқа қатысты 2021 жылға арналған болжаммен бөлісті. Оның сөзінше, аурудың шарықтау шегі наурыз айының соңында болуы мүмкін.

"Денсаулық сақтау министрлігінің болжау жөніндегі жұмыс тобы қолданыстағы шектеу шараларын, оның ішінде маска режимі мен әлеуметтік арақашықтықты сақтаған жағдайда және күтілетін вакцинацияны есепке ала отырып, 2021 жылдың соңына дейін эпидемиологиялық ахуалдың даму болжамын құрды. Аурудың шарықтау шегі наурыз айының соңында тіркелуі мүмкін", - дейді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894495-vakcina-saldyrgan-kazakstandyktarga-erkin-zrip-tru-sin-elektrondy-tlkzat-beriledi/

pixel