Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Egov.kz порталы істен шықты

Опубликовано:

жұмыс ноут
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандық интернет пайдаланушылары eGov.kz сайтына кіре алмай жатыр. Техникалық ақаулар пайда болғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта мамандар қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде деп хабарлайды "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Facebook парақшасы.

Сайттың бастапқы беті ашылмайды. Оның орнына "Бет қолжетімді емес" деген жазу шығады.

Бұған техникалық ақаулардың туындауы себеп болған екен.

"Қазіргі уақытта eGov және бірқатар жобалардың қолжетімділігіне әсер ететін желілік құрылғыда техникалық ақаулар бар екенін хабарлаймыз. Жауапты мамандар жұмыс жасап жатыр, қалпына келтірілуі туралы хабарлаймыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген ресми хабарламада.

Еске сала кетсек, 5 қаңтарда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтында жеткіліктілік шегін тексеру сервисі істен шыққанын жазған едік.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры порталында зейнетақы жинағының бір бөлігін алу үшін жеткіліктілік шегін тексеру мүмкіндігі пайда болды. Кез келген азамат өз жинағын жеке кабинетке кіріп тексере алады.

Алайда 5 қаңтар, сағат 12:12-де бұл бет ашылмай қалған болатын.

Айта кетейік, 2020 жылдың 14 желтоқсанында Google компаниясының бірнеше сервисі - YouTube, Gmail және Google Drive offline сервистері істен шыққан еді.

Одан бөлек, телефонда құпия және жеке мәлімет бар хабарламаларды, құпиясөздер мен банктерден келетін хабарларды сақтауға болмайтыны туралы жазған болатынбыз. Жеке мәліметтерді қорғау үшін оларды дер кезінде жойып отыру керек. Сарапшы алаяқтар, әсіресе, жеке кабинетке кіруге арналған бір реттік сілтемені қолданатынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894942-egovkz-portaly-isten-sykty/

pixel