RU

Әлем бойынша Google, YouTube және Gmail қызметінде ақау шықты

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

14 желтоқсан күні Google компаниясының бірнеше сервисі істен шықты деп хабарлайды CNBC сайты.

Дүйсенбіде бүкіл әлем бойынша түрлі елдерде YouTube, Gmail және Google Drive offline сервистерінде ақау шықты.

Көп ұзамай Google қызметі қалпына келтірілді. Компанияның бақылау тақтасы оның барлық қызметтері қазіргі уақытта әдеттегідей жұмыс істеп тұрғанын көрсеткен.

Сервистер таңғы уақытта істен шығып, бірқатар елдердегі қолданушылар арасында қиындықтар тудырған. Ақау себептері әзірге айтылмауда.

Ел тұрғындарының дені Gmail арқылы хабарлама жіберуде құжат жүктеу мүмкін болмағанына шағымданған. Қазақстаннан бөлек, Ресей, Украина, Ұлыбритания және өзге де елдерде сервистердің істен шығуы тіркелді.

Кейінірек Google кей сервистердің уақытша істен шыққандығын растады. Компания ұжымы қолданушыларға "компаниямен бірге болғандары үшін" алғыс білдірумен шектелген.

Еске салсақ, бұған дейін ұялы телефонның неге қызып кететінін жазған едік.

Одан бөлек, телефонда құпия және жеке мәлімет бар хабарламаларды, құпиясөздер мен банктерден келетін хабарларды сақтауға болмайтыны туралы жазған болатынбыз. Жеке мәліметтерді қорғау үшін оларды дер кезінде жойып отыру керек. Сарапшы алаяқтар, әсіресе, жеке кабинетке кіруге арналған бір реттік сілтемені қолданатынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1889432-lem-bojynsa-google-youtube-zne-gmail-kyzmetinde-auytkular-tirkeldi/