Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танысу сайты арқылы ер адаммен танысқан қарағандылық әйел сан соғып қалды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Қарағандылық полицейлер танысының құны шамамен миллион теңге тұратын мүлкі мен ақшасын алып кеткен күдіктіні ұстады деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның жазуынша, өткен жылдың 27 желтоқсанында Теміртау қаласының Шығыс полиция бөліміне 49 жастағы жергілікті тұрғын жүгінген.

Жәбірленуші әйел жақында танысқан ер адам пәтерінен күзен ішігі мен құны 600 мың теңгеден асатын алтын бұйымдарын алып кеткенін және ұялы телефонындағы банктің қосымшасын пайдаланып, белгісіз шотқа 200 000 теңгеден астам ақша аударып алғанын айтып, шағымданған.

Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабымен (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Полиция қызметкерлері мән-жайды нақтылау кезінде жәбірленуші әйелдің бұл адаммен танысу сайтында танысқанын анықтады.

Әйелдің жүрегіне жол табуды шебер меңгерген күдікті оның сеніміне кірген.

20 қаңтарда Теміртау қаласының полицейлері осы қылмысты жасаған 48 жастағы ер адамды ұстаған. Күдікті кінәсін мойындап, ұрланған заттар иесіне қайтарылған.

Айта кетейік, бұған дейін оралдық жігіт түнгі клубта танысқан қызға оңбай алданып қалғанын айтқан еді.

Жәбірленушінің сөзінше, ол атыраулық бойжеткенмен Оралдағы түнгі клубта танысқан. Көңілі жарасқан соң екеуі жігіттің үйіне барған.

Алайда қыз пәтерге жалғыз келмей, екі сыбайласын ерте келген. Сыбайластарымен біріккен бойжеткен оны соққыға жығып, тонап кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895021-tanysu-sajty-arkyly-er-adammen-tanyskan-karagandylyk-jel-san-sogyp-kaldy/

pixel