Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қар, аяз және көктайғақ: Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Опубликовано:

Қыс
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қазақстанның барлық дерлік өңірінде синоптиктер жұма, 22 қаңтарда ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жариялады деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК мемлекеттік метеорологиялық қызметінің ресми сайты.

Атырау облысының басым бөлігінде 22 қаңтар күні күндіз қар жауады. Кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Атырау қаласында күндіз тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде 22 қаңтар күні көктайғақ күтіледі. Ақтау қаласында да көктайғақ болады деп болжануда.

Түркістан облысында ауа температурасы түнде 0-5 градусқа жетіп, кей жерлерде 8 градус аяз, ал солтүстік аудандарда 13-18 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде.

23 қаңтарда күндіз өңірдің таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Кей жерлерде бұрқасын, тұман болып, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады, ал таулы аудандарда 30 м/с дейін жетеді.

Шымкент қаласында 22 қаңтар күні таңертең және күндіз қалың қар жауады деп күтіледі. Ауа температурасы күндіз 3-5 градус аязға дейін күрт төмендеуі ықтимал.

22-23 қаңтарда бұрқасын болып, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с жетеді деп күтіледі.

Түркістан қаласында 22 қаңтарда күндіз 6-8 градус аяз болуы ықтимал.

22-23 қаңтарда бұрқасын болып, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с жетуі мүмкін.

Қызылорда облысында түнде 15-20 градус аяз болып, күндіз 3-8, кей жерлерде 11 градусқа дейін температураның күрт төмендеуі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Орал қаласында 22 қаңтар күні түнде және таңертең тұман болуы ықтимал.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.

24 қаңтар күні Жамбыл облысында кей жерлерде тұман болуы ықтимал. Кей жерлерде солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с жетіп, 24 қаңтар күні түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с болады деп күтіледі.

Тараз қаласында 22-24 қаңтарда кей уақытта тұман, 22-23 қаңтарда көктайғақ күтіледі. 22, 23 қаңтар күндері түнде және таңертең солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

22 қаңтар күні Қарағанды облысының да кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с болуы ықтимал.

22 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, таулы асуларда 30 м/с дейін жетеді. Кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

22-23 қаңтарда Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы ықтимал. 22 қаңтар күні күндіз және 23 қаңтар күні түнде солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-30 м/с дейін жетуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895065-kar-aaz-zne-kktajgak-elimizdi-barlyk-derlik-irinde-dauyldy-eskertu-zarialandy/

pixel