Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде депутаттардың қанша жалақы алатынын білесіз бе

Опубликовано:

мәжіліс
Фото: мәжіліс

Еліміздегі депутаттардың айлығы 550 мыңнан басталады. Еңбек өтіліне қарай 800 мың теңгеге дейін жалақы алатындары да бар деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының "Тенгриньюс" ақпараттық порталына берген мәліметінде осылай делінген.

Ал 2019 жылы халық қалаулылары ай сайын 684 874 теңге алып келген болатын.

Айта кетейік, мәжілістегі депутатар саны 107, сенатта 49 депутат бар.

Олардың барлығы Үкімет тарапынан тегін баспана, қызметтік көлік және өзге де жеңілдіктермен қамтамасыз етілген.

мәжілісмендер ақы төленетін басқа да қызметтерді қоса атқаруына болмайды, дейді телеарна тілшісі. Бұл ережені бұзу депутаттың өкілеттігін тоқтатуға әкеп соғады екен.

Еске сала кетсек, Қазақстанда 10 қаңтарда мәжіліс пен мәслихат сайлауы өтті. Оған "Қазақстан халық партиясы", "Nur Otan", "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, "Ақ жол" демократиялық партиясы, "Адал" саяси партиясы қатысты.

12 қаңтар күні Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы парламенттік сайлаудағы дауыс берудің соңғы нәтижелерін жариялады.

Оған сәйкес, "Nur Otan" партиясы 71,09%, "Ақ жол" демократиялық партиясы 10,95%, "Қазақстан халық партиясы" 9,10%, "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы 5,29% "Адал" саяси партиясы 3,57% дауыс жинады.

Дауыс беру қортындысы бойынша үш партия - "Nur Otan", "Ақ жол" және ҚХП мәжіліске өтті.

Ал 14 қаңтарда Орталық сайлау комиссиясы жетінші шақырылымдағы мәжіліс депутаттарын тіркеді. Оларға жеке куәліктер мен төсбелгілер табысталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895097-elimizde-deputattardy-kansa-zalaky-alatynyn-bilesiz-be/