Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоңазытқыштағы сәби өлімі: Перзентхана ұжымы сот үкімімен келіспей отыр

Опубликовано:

Фото
Фото: Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Атырау облысының перинаталдық орталығының қызметкерлері бұрынғы әріптестеріне қатысты сот үкімімен келіспейтіндіктерін білдірді деп хабарлайды Ақ Жайық.

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, өңірдің перинаталдық орталығы директорының міндетін уақытша атқарушы Асқар Кенжеғалиев, аталмыш мекеме қызметкерлері бұрынғы әріптестеріне шыққан сот үкімі тым қатаң деген пікір білдіріп отырғанын атап өткен.

Олардың пікірінше, кінәлі деп танылған бұрынғы дәрігерлерге кесілген жаза уақыты тым ұзақ. Сол себепті мерзімді қысқарту туралы ұсыныс жасады. 

"Ешкім сот үкіміне қарсы емес. Алайда, өз ұсыныстарымызды құжат жүзінде дайындап, мемлекет басшысына жеткізуге толық құқымыз бар деп есептейміз. Жазаны жеңілдетуге қастысты шаралар қолдануға болады деген үмітіміз басым. Себебі, әріптестерімізге қатысты шығарылған үкім тым қатаң. Бұған дейін олар көптеген сәбилер мен аналарды ажал ауызынан арашалап қалды, біраз отбасыны бақытқа кенелтті. Болашақта да әріптестеріміз қоғамға мол пайда әкеледі. Медицина қызметкерлері сот процесі бір жақты өткеніне реніштерін білдіруде", - дейді Асқар Кенжеғалиев.

Оның сөзінше, осындай өте күрделі жағдайда медицина қызметкерлері қалыпты режимде қызмет етіп, тікелей міндеттерін атқара алмайды.

"Бұдан кейін, енді жетіліп келе жатқан жас медицина қызметкерлерінің көзінен қандай жалын, қандай от көруге болады? Осының бәрін ескере отырып, мемлекет басшысына, сондай-ақ, дәрігер құқықтарын қорғайтын республикалық қауымдастықтарға, кәсіподақ ұйымдарына өтінішімізді  жолдап, әріптестеріміздің жазасын жеңілдетуге жұмыстанғымыз келеді", - деді өңірдің перинаталдық орталығы директорының міндетін уақытша атқарушы.

Осы орайда Асқар Кенжеғалиев сот үкімімен келіспеген орталықтың ұжымы жаппай жұмыстан кету жөнінде арыз беріп жатқаны туралы ақпараттың жалған екенін жеткізді.

Еске сала кетспек, 18 қаңтарда Атырауда жаңа туған cәбиді алдын-ала сөз байласу арқылы өлтірді деп айыпталған облыстық перинаталдық орталық дәрігерлеріне сот үкімін жарияланған болатын.

Сот оларды кінәлі деп танып, перинаталдық орталықтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевты 18 жылға, акушер-гинеколог Асқар Қайыржанды - 16 жылға, акушерка Жамилә Құлбатырованы - 15 жылға бас бостандығынан айырды.

Неонатолог-дәрігерлер Руслан Нұрмұхамбетов пен Дариға Жұмабаева қылмысты хабарламағаны үшін кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығы шектелд.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895100-toazytkystagy-sbi-limi-perzenthana-zymy-sot-kimimen-kelispej-otyr/

pixel