Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоңазытқыштағы сәбидің өлімі: Сот үкім шығарды

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақ Жайық

Бүгін, 18 қаңтарда Атырауда жаңа туған cәбиді алдын-ала сөз байласу арқылы өлтірді деп айыпталған облыстық перинаталдық орталық дәрігерлеріне сот үкімін жариялады деп хабарлайды Ақ Жайық басылымы.

Басылым мәліметінше, сот оларды кінәлі деп танып, перинаталдық орталықтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевты 18 жылға, акушер-гинеколог Асқар Қайыржанды - 16 жылға, акушерка Жамилә Құлбатырованы - 15 жылға бас бостандығынан айырды.

Неонатолог-дәрігерлер Руслан Нұрмұхамбетов пен Дариға Жұмабаева қылмысты хабарламағаны үшін кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығы шектелді.

Үкім шығарған уақытта олар қабылдаған "Гиппократ антын" бұзғанын сот айыпталушылар үшін ауырлататын мән-жай деп таныды.

КТК телеарнасының мәліметінше, сот процесі алты айға созылды. Әу баста перинаталдық орталықтың бұрынғы басшысы Қуаныш Нысанбаевқа 14 эпизод бойынша айып тағылған. Кейін жетеуге қысқарды.

Мекеменің экс-бас дәрігері тоңазытқыштағы сәби өлімі мен сыбайлас жемқорлық ісі бойынша айыпталған еді. Енді оның кінәсі дәлелденіпті. Алайда сотталғандардың бәрі үкіммен келіспеді.

Еске сала кетсек, Атырау облысы перинаталды орталығының басшысы мен дәрігері жаңа туған нәрестені тоңазытқыш камерасына салып өлтірді деп айыпталып жатқаны белгілі болған еді.

Кейінірек көз жұмған сәбидің әкесі жанайқайын жеткізіп, тергеудің әділ өтуін талап еткен болатын.

Ал іс сотта өткен жылдың мамыр айында бастап қаралып, үкім енді шықты. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894394-toazytkystagy-sbidi-limi-sot-kim-sygardy/

pixel