Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нағашыларым жыныстық қатынасқа тартқан": Трансгендер ел алдында өз шындығын айтты

Опубликовано:

Трансгендер
Видеодан кадр: "Бүгін" бағдарламасы

Дүниеге жігіт болып келген Айя бүгінде жынысын ауыстырып, қызға айналмақ ниетте. Шымкент қаласында туып, Алматыға қоныс аударған ол мұндай әрекетке өзін кім итермелегенін "Хабар" арнасындағы "Бүгін" бағдарламасында айтып берді.

"Бұл жолға түсуіме туыстарым себепші болған. Нақтырақ айтсам, студент кезімде сол кісілерден зорлық-зомбылық көргенмін. Шымкент қаласында пәтерде жалғыз тұратын едім. Нағашыларым Шымкентке тойға келген. Олар ішімдік ішкендіктен, мені жыныстық қатынасқа тартты.

Сол күннен бастап менің ойым, психологиям өзгере бастады. Көшеде ұлдарды көрсем, қарап, қызығып мән беретін болдым. Маған ұнайтын болып кетті. Оған дейін менде ондай сезім болған емес.

Нағашыларым мені әлі күнге дейін қорқытады. Әр түрлі нәрселер айтады",- деді ол.

Айя әлі жынысын ауыстырмаған. Алдағы уақытта ол төс үлкейтетін ота жасатуға ниетті.

"Мен өзім психологиям өзгеріп кеткенін сездім. Мысалы менде қазір түк өспейді, дауысым өзінен-өзі жіңішкеленіп кетті. Көкірек өсіретін гармондық дәрілер іштім. Бірақ, жыныс ауыстырған жоқпын. Өйткені оған біраз қаражат керек. Алдағы уақытта ауыстыратын жоспарым бар. 

Мен сияқтылар көп деп айта алмаймын, алайда олар бар. Мен соларға еліктеп транссексуал болған жоқпын. Әркімнің өз жағдайы бар. Олар үшін мен жауап бере алмаймын.

Қоғам бірте-бірте бізді қабылдап келе жатыр. Сіздер қоғамды бізбен бірге бөлісуге мәжбүрсіздер. Бізді қуып жібере алмайсыздар. Немесе өлтіріп тастай алмайсыздар. Себебі біз де қоғамның бір бөлшегіміз" -деп сөзін аяқтады ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895277-nagasylarym-zynystyk-katynaska-tartkan-transgender-el-aldynda-z-syndygyn-ajtty/

pixel