Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қауіпті індет құрбандарының саны күрт көбейді

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: today.kz

Қазақстанда коронавирус белгілері бар пневмонияға шалдыққандар туралы мәлімет жаңарды. 24 қаңтарда 8 адамнан ауру анықталған деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram арнасы.

24 қаңтардағы мәлімет бойынша 3 өлім жағдайы тіркеліп, 37 адам жазылып шыққан.

Қазақстанда 2020 жылдың 1 тамызынан бастап 47 445 коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырған адам тіркелді. Соның ішінде 558 науқас індет құрбанына айналып, 35 220 адам ауруынан сауығып шыққан.

Ал коронавирус инфекциясынан бір тәулікте 15 адам қайтыс болды. Тағы 1445 науқас ауруынан айыққан.

Қазіргі таңда 27 134 адам короновирустан (15 467 КВИ+ және 11 667 КВИ-) емделуде. Соның ішінде 6 576 пациент стационарда, 20 558 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Коронавирус пен вирус белгілері бар пневмонияға шалдыққандардың арасында:

• 285 адамның жағдайы ауыр;

• 43 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Еске сала кетсек, елімізде өткен тәулікте 1266 қазақстандықтан коронавирус анықталған еді. Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандардың саны 179 720-ға жетті.

Айта кетсек, Денсаулық сақтау министрлігі елімізде барлық азаматтарға міндетті әрі мәжбүрлі түрде вакцина салына ма деген сауалға жауап берген еді. Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстанда вакцинация ерікті түрде болады.

"Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексінің 77-бабына сәйкес кез-келген медициналық процедура, оның ішінде вакцинация тек екпе ектіретін адамның келісімімен жасалады", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895623-kazakstanda-kauipti-indet-krbandaryny-sany-krt-kbejdi/

pixel