Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткен тәулікте 1266 қазақстандықтан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елімізде өткен тәулікте 1266 адамнан коронавирус анықталған. Ауру жұқтырғандардың баым бөлігі Ақмола облысында тіркелген деп хабарлайды Coronavirus2020.KZ Telegram арнасы.

Қазақстанда өткен тәулікте 1266 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 91

Алматы қаласы - 132

Шымкент қаласы - 7

Ақмола облысы - 215

Ақтөбе облысы - 0

Алматы облысы - 71

Атырау облысы - 84

Шығыс Қазақстан облысы - 45

Жамбыл облысы - 21

Батыс Қазақстан облысы - 97

Қарағанды облысы - 79

Қостанай облысы - 104

Қызылорда облысы - 3

Маңғыстау облысы - 2

Павлодар облысы - 197

Солтүстік Қазақстан облысы - 110

Түркістан облысы - 8

Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандардың саны 179 720-ға жетті.

Еске сала кетсек, Денсаулық сақтау министрлігі елімізде барлық азаматтарға міндетті әрі мәжбүрлі түрде вакцина салына ма деген сауалға жауап берген еді.

Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстанда вакцинация ерікті түрде болады.

"Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексінің 77-бабына сәйкес кез-келген медициналық процедура, оның ішінде вакцинация тек екпе ектіретін адамның келісімімен жасалады.

Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік жоқ, кез келген қудалау заңсыз болады", - делінген министрліктің хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895606-tken-tulikte-1266-kazakstandyktan-koronavirus-anyktaldy/

pixel