Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны салдырамын

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны салдыратынын айтты.

Бұл туралы президент үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

"Отандық вакцинаны сынау оң нәтижесін береді деп үміттенеміз. Жақсы нәтижелер көрсетсе, мен дәл осы қазақстандық вакцинаны салдырамын", – дейді президент.

Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрі мен өңір әкімдеріне халықты жаппай вакциналау мәселесіне қатысты бірқатар тапсырма берді.

Сонымен қатар үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы барлық министр мен әкімді вакцинациялау науқанына баса мән беруге шақырды.

Ал денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық ахуалы жеткілікті деңгейде қадағаланбай жатқан үш өңірді атады.

Оның айтуынша, Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстарында эпидемиологиялық ахуалды жеткілікті деңгейде бақылау жүргізіліп жатқан жоқ. Республикада коронавирус жұқтырған азаматтардың 40 пайызы – осы үш облыстың тұрғындары.

Еске салсақ, елімізде жаппай вакцинация 1 ақпаннан басталады.

Лауазымды тұлғалардың арасында алғашқылардың бірі болып білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны салдырды.

Сонымен бірге президентінің көмекшісі Ерлан Қарин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев еріктілер қатарынан табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895709-tokaev-koronaviruska-karsy-kazakstandyk-vakcinany-saldyramyn/

pixel