jitsu gif branding logo appbranding logo app

Шымкентте алғашқы бәйшешек бүр жарды (фото)

Бәйшешек
Бәйшешек. Көрнек фото: pixabay.com

Шымкентте қаңтар айының соңында алғашқы бәйшешек бүр жарды. Ирина есімді қала тұрғыны көктемнің белгісі саналатын гүлді суретке түсіріп алған.

Қар астынан жарып шыққан гүлдің фотосы shymkent.online Instagram парақшасында жарияланған. Суретті топқа Ирина есімді қала тұрғыны жіберіпті.

"Көктем жақын! Шымкентте алғашқы бәйшешектер!", - делінген жазбада.

Сурет парақша оқырмандарына қатты ұнаған. Олар күннің жылынғанын күтіп жүргенін жасырмады.

"Алақай, жақында күн жылиды", "Ғажап", "Қандай әдемі", "Тезірек жылынса екен", "Шымкентте көктем ертегідей болады", - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, қыс мезгілінде еліміздің оңтүстігінде жыл сайын бәйшешек гүлдейді. Мәселен, көктемнен хабар беретін өсімдік 2019 жылы 17 қаңтарда гүлдеген еді.

Сонымен қатар 2020 жылдың 31 қаңтарында да Түркістан облысының жергілікті тұрғыны бәйшешектің гүлдегенін фотоға түсіріп алған болатын.

Еске сала кетсек, Шымкент қаласының әл-Фараби аудандық соты қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бұрынғы бастығы Жеңіс Байымбетовке, сондай-ақ "Инвестстройпроект ЛТД" ЖШС басшысы Ақжол Айтбаевқа қатысты үкім шығарған болатын.

Олар Шымкент қаласының аумағын топографиялық түсіруге бөлінген 498 миллион теңге бюджеттік қаражатты жымқырды деп айыпталған.

Сот үкімімен экс-шенеунік 10 жылға, кәсіпкер 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.