RU

"5 жылға болжам жасаңыздар": Қуат Хамитов ел үкіметін сынға алды

Қуат Хамитов1
Фото: instagram.com/kuat__khamitov

Отандық файтер Қуат Хамитов ел үкіметін сынға алды. Бұған дейін үкіметтің кеңейтілген отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алдағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты жасалған болжамды ұсынған еді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен біздің үкіметке таң қаламын. Егер көріпкел болсаңыздар, жоқ ауру мен оның нәтижелері жөнінде статистиканы алдын ала білсеңіздер, алдағы бес жылға да болжам жасаңыздаршы", - деп жазды ол.

Спортшы өз халқының арабтар сияқты өмір сүргенін қалайтынын айтты.

"20 жылдан кейін емес, бүгін, қазір... Біздің олардан қай жеріміз кем? Мұнайымыз, алтын, газ, уран және тағы басқалары олардан көп. Сонда да біз Африкадағыдай өмір сүреміз, осыған қалай жауап бересіздер, болжамсүйгіштер?

Біз халқымызды мамандық бойынша жұмыспен қашан қамтамасыз ете аламыз? Біздің балапанымыз қашан үйде тегін білім алады? Дөкейлер мен олардың балалары шетелде емес, өз еліміздегі ауруханаларда қашан емделеді? Сіздер неге мұндай жайттарды айтпайсыздар? Сіздер карантиндеріңізбен халықты, олардың кәсібін өлтіріп жатырсыздар. 80 пайыз адамның жұмысы жоқ екені, тіпті, бөлек әңгіме.

Қазақстанның үш қаласынан басқа жерде жұмыс жоқ. Олар ескі қалаларда 16- ғасырдағыдай өмір сүріп келеді. Халықты ойлайтын уақыт келді!", - деп жазды Қуат Хамитов Instagram парақшасында.

Айта кетейік, таяуда Қуат Хамитов Ресейде аралас жекпе-жектен өткен AMC Fight Nights турнирінің бірінші раундында қарсыласы Максим Пантелеевты нокаутқа түсірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895893-5-zylga-bolzam-zasadar-kuat-hamitov-densaulyk-saktau-ministrin-synga-aldy/