Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК еліміздің батысында деструктивті діни ағымның жақтаушыларын ұстады (видео)

Опубликовано:

Ұстау сәті
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Батыс Қазақстанда есірткі жеткізумен айналысатын деструктивті діни ағымның жақтаушыларын ұстады. Бұл туралы ведомствоның ресми сайты хабарлады.

ҰҚК мәліметінше, 2021 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау облысы бойынша департаменті Ақтөбе облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде өсімдік түрлі есірткі тасымалдау арнасын ұйымдастыруға қатыстылығы бар топ мүшелерін ұстаған.

Бұл фактіге қатысты ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы (есірткі, психотропты заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының шешімімен күдіктелерге қамауға алу түріндегі бұлтартпа шарасы қолданылған.

Ведомство ұсталған азаматтар деструктивті діни ағымның ұстанушылары екенін атап өтті.

Тергеу амалдары жалғасуда.

Еске салсақ, Павлодарда жалған құжат жасағаны және алаяқтық үшін айыпталған алты адамға үкім жарияланған болатын. Олар айып тұрағында тұрған жерден екі Lexus LX570 көлігін алып үлгерген. Іске үш мемлекеттік қызметкер қатысты, ұйымдастырушысы ҰҚК қызметкері болды.

Сонымен қатар Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Бютукаев бандасының алты өкілі жойылғанын мәлімдеді, арасында топ лидері де бар.

Кейін ол қайтыс болғандардың аты-жөні мен суретін жариялады. Олардың бірі 1960 жылғы Қазақстан тумасы екені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895910-kk-batys-kazakstanda-destruktivti-dini-agymny-zaktausylaryn-stady-video/

pixel