Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арасында Қазақстан тумасы бар: Шешенстанда содырлар тобы жойылды

Опубликовано:

Содыр
Көрнекі фото: pixabay.com

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Бютукаев бандасының алты өкілі жойылғанын мәлімдеді, арасында топ лидері де бар.

"Олар екі рет қашып үлгерді. Бұл жолы барарға жер қалмады. Енді біздің өңірдегі террористер тізімінде бірде-бір адам жоқ", - деп жазды Қадыров Twitter-де.

Кейін ол қайтыс болғандардың аты-жөні мен суретін жариялады. Олардың біреуі - 1960 жылғы Қазақстан тумасы деп жазады Sputnik Қазақстан.

Терроризмге қарсы ұлттық комитет арнайы операция кезінде бес содыр жойылғанын хабарлады. Олардың басшысы Аслан Бютукаевтың  2011 жылы болған "Домодедово" әуежайындағы терактіге қатысы бар.

Ресей президенті Шешенстан басшысы мен арнайы операцияға қатысушыларды құттықтады. Олардың бәрі наградаға ұсынылады.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері заңға қайшы әрекет жасаған екі "кибержиһадшыны" қалай ұстағанын көрсеткен еді.

Видео ҰҚК ресми сайтында жарияланды.

Ведомствоның хабарлауынша, 6-12 желтоқсан аралығында ҰҚК ЦДИАӨМ-мен бірлесіп, "Киберқауіпсіздік Нұр-Сұлтан – 2020" оқу-жаттығуын өткізген.

Ол "Қазақстан киберқалқаны" техникалық жүйелерінің тиімділігін тексеруге, сондай-ақ жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына ден қоюына, әзірлік деңгейін айқындауға бағытталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894898-arasynda-kazakstan-tumasy-bar-sesenstanda-sodyrlar-toby-zojyldy/

pixel