Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны тағы да өсті

Опубликовано:

Алматы
Көрнекі фото: NUR.KZ

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1413 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 182 530-ға жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

"Қазақстанда өткен тәулікте 1413 адамда коронавирус инфекциясы анықталды", - делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 125,

Алматы қаласы - 138,

Шымкент қаласы - 13,

Ақмола облысы - 209,

Ақтөбе облысы - 10,

Алматы облысы - 71,

Атырау облысы - 90,

Шығыс Қазақстан облысы - 39,

Жамбыл облысы - 24,

Батыс Қазақстан облысы - 93,

Қарағанды облысы - 79,

Қостанай облысы - 140,

Қызылорда облысы - 13,

Маңғыстау облысы - 15,

Павлодар облысы - 221,

Солтүстік Қазақстан облысы - 117,

Түркістан облысы - 16.

Еске сала кетсек, осыған дейін Covid-19 вакцинасына бюджеттен қанша қаржы бөлінгенін жазған едік.

Жаппай вакцинация

Қазақстанда биыл 1 ақпанда жаппай вакцинациялау басталады. Инфекцияны жұқтыру және тарату қаупі жоғары халықтың осал топтарына кезең-кезеңмен ресейлік "Спутник V" вакцинасы егіледі. Вакцинациялау ерікті түрде және тегін салынады.

Вакцина бірінші кезеңде:

Инфекциялық ауруханалар, жедел жәрдем, реанимация бөлімшелері, науқастарды қабылдау бөлмесі, алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің медицина қызметкерлері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жұмысшылары – 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап шамамен 100 мың адам;

екінші кезеңде:

жалпы білім беретін мектептер, жоғары оқу орындарының педагогтері, медициналық қызметтің жұмысшылары – 2021 жылдың наурызынан 150 мыңға жуық адам;

үшінші кезеңде:

мектеп-интернаттар, мектепке дейінгі мекемелердің педагогтері, созылмалы аурумен ауыратындар – сәуір айынан бастап 600 мың адам.

Айта кететін жәйт, "Спутник V" 18 жасқа дейінгі балаларға салынбайды. Яғни, екпе Қазақстанның кәмелет жасына толған азаматтарына ғана салынады.

Денсаулық сақтау министрлігі жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандыққа вакцина салуды жоспарлап отыр.

Ал 2021 жылдың наурыз айында COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцинамен жаппай егу басталады.

Қазір QazCovid-in вакцинасын клиникалық сынақтан өткізудің соңғы ІІІ сатысы өтіп жатыр. Оның аясында вакцина 3 мың еріктіге егілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895967-kazakstanda-koronavirus-zktyrgandar-sany-krt-sti/

pixel