jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

"Қайта іске кірісті": Асхат Садырбай пандемияға қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Асхат Садырбай
Фото: Instagram/askhat_sadyrbay

Отандық танымал журналист Асхат Садырбай елімізде коронавирустың өрши тусуіне орай халықты жалған тарап жатқан ақпараттардан сақ болуға шақырды. Ол коронавируске қатысты кез келген мәліметті мұқият тексеріп алған жөн екенін алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Асхат Садырбай алдағы уақытта басталатын вакцинация қарсаңында отандастарына маңызды мәлімдеме жасады. Ақпарат өкілі желіде тарап жатқан негізсіз әрі шындыққа жанаспайтын алып-қашпа әңгімелерге сенбеуге шақырды.

Оның айтуынша, елімізде коронавирустың өрши түсу кезінде түрлі араңдатушылар жалған ақпарат таратумен айналысады.

"Ковид жұқтырғандар санының қайта көбеюі, ақпаннан басталатын вакцинация, наурызда өрши түседі деген болжамдар қоғамда уайым туғызатыны рас. Осындай сәтті пайдаланып әртүрлі жалған ақпарат таратындар қайта іске кіріскен сияқты. Ойбай дәрілерді тығып қойып жатыр екен, қайтадан дәрі тапшылығы болады екен, вакцинадан құлап қапты және т.с.с. өтірік әңгімелерге негізделген аудиолар уатсап мессенджерлерге тарай бастапты.
Әрбір ақпаратты тексеріп алуды үйренсек екен, бірден тарата жөнелмей келген хабарламаны. Президент кеше ғана вакцинацияға қатысты ең маңызды мәселені мәлімдеді ғой. Өзі ақпанда салынатын вакцина болса оны кімдерге күштеп салғызып, құлатып жатыр екен? Ақпараттың анық-қанығына көз жеткізу керек. Былтыр жазда да көп адам ең қажет дәрілерді пашкілеп сатып алғанын естідік. Соның кесірінен қаншама адам дәрі таппай қиналды. Ойланайық" , - деп жазды ол Instagram парақшасында.

"Қайта іске кірісті": Асхат Садырбай пандемияға қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.