Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус қайта өршіді: Алматыда карантин күшейтіліп, жаңа қаулы шықты

Опубликовано:

Коронавирус
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматы қаласының бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың таралуына байланысты қалада жаңа шектеулер енгізетін қаулы шығарды. Ол 1 ақпанда күшіне енеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда келесі нысандардың қызметіне тыйым салынады:

1) театр мен кинотеатрлар;

2) мәдениет нысандары, ойын-сауық мекемелері, букмекерлік кеңселер;

3) облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдау қызметіне;

4) 15 адамнан аспайтын кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне;

5) балаларды сауықтыру маусымдық ұйымдарының (лагерлердің) қызметіне;

Одан бөлек, ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды, оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Сонымен қатар, коронавирус дертін жұқтырған барлық науқастар ауруханаға жатқызылады.

Сауда және ойын-сауық орталықтары дүйсенбі-жұма аралығында сағат 10.00-20.00-ге дейінгі аралықта жұмыс істейді, ал сенбі-жексенбіде жабық болады.

Жеке тұрған және ірі сауда нысандарындағы азық-түлік супермаркеттері, дүкендері мен дәріханалар бір келушіге 4 шаршы метр талабы сақталған жағдайда штаттық режимде толтырылуы 30 пайыздан аспайтын жағдайда жұмыс істейді.

Қоғамдық тамақтану орындары болса, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Толтырылуы 50 пайыздан аспауы тиіс. Ұжымдық іс-шаралар өткізуге болмайды.

Сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінде орналасқан қоғамдық тамақтану нысандары мен фудкорттардың жұмысы шектеледі. Жеткізу қызметі 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Жабық базарлар сағат 17:00-ге дейін жұмыс істеп, сенбі-жексенбі күндері жабық болуы тиіс. Ал ашық базарлардың жұмысына жексенбі күні тыйым салынады.

Сауна, СПА-орталықтар, бассейндер күнделікті сағат 8.00-21.00 аралығында жұмыс істеп, сенбі-жексенбі күндері жабық болуы керек.

Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар, өнеркәсіптік, құрылыс саласының қызметкерлерін қоспағанда, қызметкер саны 20 адамнан асатын өзге ұйымдар жұмысшыларының 80%-ын қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшіруі керек.

Банктер, "Қазпошта", ХҚКО келушілерді алдын ала жазылу бойынша сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдай алады.

Ашық ауада аттракциондардың қызметіне рұқсат етілген.

Діни объектілерге ұжымдық іс-шараларды өткізбей (намаз және құлшылық ету) қызмет етуге рұқсат етілген.

Ашық ауада жеке және топтық жаттығулар топта бес адамнан аспаған жағдайда рұқсат етіледі.

Ұлттық құрамалар, клубтық командалар үшін спорттық жаттығуларға 30 адамнан аспаған жағдайда рұқсат етіледі.

5 адамнан аспайтын жеке және топтық жаттығуларға арналған спорт кешендерінің қызметіне рұқсат етілген.

Ұлттық күнтізбемен бекітілгендерді қоспағанда, жабық үй-жайларда өткізілетін спорттық жарыстарға тыйым салынады.

Қоғамдық көлікке, әуежайларға, ауладағы балалар алаңдарына, азық-түлік және өзге де базарларға, басқа да қоғамдық орындарға санитариялық-дезинфекциялық өңдеу жүргізілуі тиіс.

Қаржы нарығының субъектілеріне уақыты мен саны бойынша шектеулерді сақтай отырып жұмыс істеуге рұқсат етілген.

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың, жалпы және санаториялық үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметіне де рұқсат берілді.

Алдын ала жазылу бойынша топта 15 адамнан аспайтын балалардың түзету кабинеттеріне, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының қызметіне рұқсат етіледі.

Қаулы 1 ақпаннан бастап өз күшіне енеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896111-koronavirus-kajta-rsidi-almatyda-karantin-ksejtilip-zaa-kauly-sykty/

pixel