Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда супермаркеттер мен базарлардың жұмысына шектеу қойылды

Опубликовано:

Көшеде маска таққан адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыдағы супермаркеттер мен базарлардың жұмысына шектеу қойылды, ондағы адамдар саны 30%-дан аспауы қажет, ал бір келушіге кемінде 4 шаршы метр орын тиюі керек. Сондай-ақ демалыс күндері жабық базарлар жұмысын тоқтатса, ашық базарлар жексенбіде жұмыс істемейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысында айтылған.

"Ірі сауда нысандарында тұрған және жеке тұрған азық-түлік супермаркеттеріне, азық-түлік дүкендеріне және дәріханаларға қалыпты режимде жұмыс істеуге рұқсат етілсін. Бірақ ондағы адамдар саны 30%-дан аспауы қажет, ал бір келушіге кемінде 4 шаршы метр орын тиюі керек", – делінген бас санитар дәрігердің жаңа қаулысында.

Құжатта базарлар туралы да сөз болды.

"Жабық (азық-түлік, азық-түлік емес) базарлардың жұмысы кешкі сағат 17.00-ге дейін шектеу қойылып, сенбі мен жексенбі күндері жұмысы тоқтатылсын, ал жексенбіде ашық (азық-түлік, азық-түлік емес) базарлардың жұмысына тыйым салынсын. Әлеуметтік арақашықтық пен бетперде режимін, сондай-ақ күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып, мекемедегі адамдар саны 30%-дан аспауы керек және әр келушіде кемінде 4 шаршы метрден келеді", – делінген құжаттың бір тармағында.

Еске салсақ, Алматы қаласының бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың таралуына байланысты қалада жаңа шектеулер енгізетін қаулы шығарды. Ол 1 ақпанда күшіне енеді.

Оған қоса, Алматыда 1 ақпаннан бастап театрлар мен кинотеатрлардың жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896113-almatyda-supermarketter-men-bazarlardy-zmysyna-sekteu-kojyldy/

pixel