Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде қара қар жауды: тұрғындар наразылық білдірді

Жарияланған күні:

Cемейде қара қар жауды
Фото: Sputnik Қазақстан/ Владислав Воднев

Экология министрлігі тұрғындардың шағымдарынан кейін Семейдегі "Жылу коммуналдық энергиясы" кәсіпорнында жоспардан тыс тексеріс жүргізді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қала тұрғындарының шағымы расталды. Тексеру нәтижесінде ЖЭО жұмысынан өрескел заң бұзушылықтар анықталған. Бұл жөнінде экология министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

ЖЭО-1 түтін жолдарындағы бейорганикалық шаң-тозаңның шығуы нормативтен 27 есе асып түскені белгілі болды.

Сондай-ақ, мамандар түтін жолдарының техникалық жай-күйі сын көтермейтінін, онда саңылаулар мен тесіктер бар екенін, кей жерлерде сынамалар алу орны штуцерлермен жабдықталмағанын айтты.

Сонымен қатар, екі қазандықтың дұрыс жұмыс істемей тұрғаны, шығу нормативтерінің көміртек оксиді бойынша 1,78 есе, бейорганикалық шаң-тозаң бойынша 1,84 есе нормадан жоғары болғаны және БЦ-56 күл тұтқыш қондырғысының тиімсіз жұмысы анықталды.

Алдын ала есептеулер бойынша нормативтен жоғары эмиссиялар салдарынан атмосфералық ауаға келтірілген шығын сомасы 61 миллион теңгеден (шамамен 145 мың доллар) асып түсті.

Тексеру қорытындысы бойынша ЖЭО кәсіпорнына электрлі сүзгілер жұмысының тиімділігін арттыру бойынша техникалық іс-шаралар әзірлеу және оны жүзеге асыру туралы ескерту берілді.

Қаоыптасқан жағдайды ескере отырып, 26 қаңтардан бастап "Жылу коммуналдық энергиясы" кәсіпорнының барлық өндірістік алаңында кешенді экологиялық тексеру басталды.

Айта кету керек, жылу маусымын тұрақты режимде аяқтау үшін жергілікті әкімдік кәсіпорында жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896136-semejde-kara-kar-zaudy-trgyndar-narazylyk-bildirdi/