RU

Коронавирус жұқтырған барлық науқас не себепті ауруханаға жатқызылады

Өлім-жітім1
Көрнекі фото: piqsels.com

Алматы қаласы бас санитар дәрігерінің орынбасары Сәдуақас Байғабылов ауруының сипатына қарамастан коронавирус жұқтырған барлық науқастарды ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдаудың себебін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Әдетте инфекцияны симптомсыз науқастар таратады, бұл мемлекеттік мекемелерге, тамақтану және сауда орталықтарына баратын жастар, жасөспірімдер. Содан кейін олар үйіне барып, ауруды ата-аналарына, ата-әжелеріне, жүкті әйелдер мен созылмалы аурулары бар адамдарға жұқтырады.

Ауру жұқтыру тізбегін үзу үшін симптомды және симптомсыз науқастарды емдеу мақсатында барлығын толық ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылданды. Олар жұқпалы аурулар ауруханасына жатады", – деп түсіндірді Байғабылов.

Оның айтуынша, байланыста болған адамдар да тексеріледі, егер олар да коронавирус жұқтырған болса, онда зертханалық зерттеулердің, яғни ПТР тесті нәтижелері бойынша ауруханаға жатқызылады.

Байғабулов ауруханаларда төсек-орынның жеткілікті екенін баса айтты.

Сонымен қатар қыстың үшінші айының басынан оңтүстік астанада театрлар мен кинотеатрлардың жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1413 адам тіркелген. Оның 138-і Алматы қаласынан.

Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 182 530-ға жетіп отыр.

28 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы 27 қаңтардағы көрсеткіштен өзгерген жоқ. Яғни, Қазақстанның 6 өңірі мен 2 қаласы әлі де "қызыл" аймақта тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896146-koronavirus-zktyrgan-barlyk-naukas-ne-sebepti-auruhanaga-zatkyzylady/