jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

"Жазба жариялауына болмайды: Бас бостандығы шектелген Хамитовке қандай тыйым салынған

Қуат Хамитов1
Фото: instagram.com/kuat__khamitov

Алты айға бас бостандығы шектелген Қуат Хамитовтың менеджері спортшының немен айналысатынын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Нақты жоспар жоқ, алайда ол әр үш ай сайын жекпе-жекке шығады. Алты айда екі жекпе-жектен қағылып тұр. Алдағы жарты жылға басқа жоспары жоқ болатын. Енді екі жекпе-жекті кейінге қалдырамын деп отыр. Бірақ соттан кейін телефон қоңырауына жауап берген жоқ", - дейді спортшының Әділ есімді көмекшісі.

Әділдің айтуынша, ол тек файтерді алты айға бас бостандығынан шектегенін біледі.

"Нақты қандай санкция енгізгенін білмеймін. Алты айда әлеуметтік желіде жазба жариялауына болмайды. Енді жарты жыл Алматыда жаттығады", - дейді ол.

Айта кетейік, бүгін Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Қуат Хамитовке қатысты сот үкімі шықты. Танымал спортшы Қылмыстық кодекстің 272-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, алты айға бас бостандығы шектелді.

Шешім шығару барысында сот Хамитовтың жасаған әрекетінің сипаты мен қауіптілік дәрежесін, жеке басының деректерін, қылмыс жасағанға дейінгі және кейінгі мінез-құлқын, кінәсін толық мойындағанын, бұрын сотты болмағанын ескерді.

Енді ол уәкілетті органға хабарламай, тұрақты мекенжайын өзгертпеуі қажет және жұмыстан бос уақытта тұрғылықты жерінен кетпеуі тиіс.

Түнгі 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін үйінде болып, көңіл көтеретін, ішімдік ішілетін орындарға бармауға міндетті. Жеке басын куәландыратын құжатты өзімен бірге алып жүруі қажет.

Қуат Хамитов билік өкілдеріне белсенді түрде бағынбауға шақырған видеосы үшін сотқа шақырылған болатын.

"Жазба жариялауына болмайды: Бас бостандығы шектелген Хамитовке қандай тыйым салынған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.