RU

Қуат Хамитов 6 айға бас бостандығынан шектелді

Фото
Фото: Марат Қалдыбаев

Алматының Алмалы аудандық сотында дезинфекция жасаушылар ұруға шақырған Қуат Хамитовке сот үкімі шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Спортшы алты айға бас бостандығынан шектелді. Сот оның осыған дейін істі болмағанын және өз кінәсін толық мойындағанын ескерді.

Айта кетейік, бүгінгі сот отырысында Қуат Хамитов соңғы сөзін айтқан болатын.

"Ел намысын қорғап жүргеннен кейін менің алға қойған мақсатым, жоспарым бар. Сот қандай жаза кессе де, мен үшін ең бастысы шетелге шығуға мүмкіндік берсе болды", - деген еді ол.

Айта кетейік, Алмалы ауданы сотында Қылмыстық кодекстің 272-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Қуат Хамитовке қатысты қылмыстық іс қаралған еді.

Аталған бапта азаматтың "билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру не жаппай тәртіпсіздікке арандату, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру" көзделген.

Бұл бап бойынша үш жылға дейін бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске салсақ, 2020 жылы қыркүйекте спортшы дезинфекция жасаушылар "халықты улап жатыр" деп мәлімдеп, оларды ұрып-соғуға үндеген болатын. Кейіннен спортшы ол видеоның әзіл ретінде түсірілгенін айтты.

Сонымен қатар спортшы ел үкіметін сынға алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896192-kuat-hamitov-alty-ajga-bas-bostandygynan-sekteldi/