jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Тәжікстанда өткен жылы сәуір айында жабылған мешіттер 1 ақпаннан бастап қайта ашылмақ

Намаз
Көрнекі фото: muslim.kz

Тәжікстан билігі мешіттердің қайта ашылуына бірнеше күн қалғанда тазалық ережелері қатаң сақталуы тиіс екенін ескертті. 1 ақпанда елде коронавирусқа байланысты карантинге жабылған мешіттер қайта жұмыс істей бастайды деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Басылымның жазуынша, Тәжікстанда мешіттегі мамандар жамағат намазын өткізуге дайындалып жатыр.

Душанбенің Сино ауданындағы мешіт антисептиктер, маскалар және термометрлер сатып алған.

Елдің денсаулық сақтау министрлігі мешітке келушілер тазалық ережелерін қатаң сақтауы керектігін ескерткен. Әйтпесе мешіттер қайтадан карантинге жабылуы мүмкін.

"Бәрі өзімізге байланысты. Тазалық ережелерін сақтасақ, бір-бірімізді қорғасақ, мешітті ешкім жаппайды", - дейді Душанбе тұрғыны Наджмиддин Ахмадов.

Айта кетсек, республикада мешіттер былтыр сәуір айында карантинге жабылған. Коронавируспен күрес жөніндегі штаб мешіттер қайта ашылатынын жақында ғана хабарлаған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон өзінің жыл сайынғы парламентке жолдауында Тәжікстан коронавирусты толығымен жеңгенін мәлімдеген еді.

"Қазір Тәжікстанда коронавирус жоқ, біз оны толығымен жойдық", – дейді мемлекет басшысы.

Дегенмен ол елдегі барлық тұрғындар қауіпсіздік шараларын сақтауы керек екенін атап өтті.

"Босаңсуға негіз жоқ, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін ұмытпау керек", – деп қосты Тәжікстан президенті.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Тәжікстанда соңғы уақытта коронавирус жұқтырған адам тіркелмеген.

Тәжікстанда өткен жылы сәуір айында жабылған мешіттер 1 ақпаннан бастап қайта ашылмақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.