Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халық даусын есту үшін": Қуат Хамитов өз партиясын құрмақ

Жарияланған күні:

Қуат Хамитов1
Фото: instagram.com/kuat__khamitov

Атышулы қазақстандық спортшы Қуат Хамитов өзінің жеке партиясын құрмақшы. Аралас жекпе-жек жұлдызының айтуынша, оның партиясына кез келген азамат кіре алады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуат Хамитов өзінің Instagram парақшасында маңызды мәлімдеме жасап, елді таңғалдырды. Белгілі спортшы жеке партиясын құратынын хабарлады.

"Ресми түрде мәлімдеймін. Мен өзімнің жеке партиямды құрамын. Мен бұл істі қазір іске асырғым келмеген. Бірақ, мемлекетім менің прогрессімді өзі асықтырды. Бұл партия кімнің кінәлі екенін және кімнің не істеп жатқанын айту үшін құрылмайды. Партия халық даусын есту үшін ашылмақ. Біздің үкіметтің басты проблемасы да осы. Олар халық пікірімен санаспайды және халықты естімейді. Бұл партияны ашу үшін ешқандай кедергі туындамайды деген үміттемін. Себебі, біздің мемлекет еркін ел емес пе?! Менің есігім барлығы үшін ашық. Қалаушылар менің партиямы қосыла алады" , - деп жазды Қуат Хамитов.

Аралас жекпе-жек спортшысы жазбасының соңына "Біртұтас Қазақстан" деген хэштег қалдырды. Бұл оның болашақта ашатын партиясының атауы болса керек.

Айта кетейік, бұған дейін Қуат Хамитовке қатысты сот үкімі шығып, спортшы алты айға бас бостандығынан шектелгенін хабарлаған болатынбыз.

Кейіннен Қуат Хамитовке нақты қандай тыйым салынғаны белгілі болды. Сонымен қатар, алты айға бас бостандығы шектелген спортшының менеджері оның немен айналысатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1896253-halyk-dausyn-estu-sin-kuat-hamitov-z-partiasyn-krmak/