Қазақстандықтар өзбек азаматына шекара арқылы дронмен қару жіберген
Опубликовано:

Қазақстандықтар дронның көмегімен Өзбекстан шекарасы арқылы қару жіберген деп хабарлайды "Өзбекстан 24" телеарнасы.
Қаруды ар жақтан Өзбекстан азаматтары алуы керек болған. Алайда операция соңына дейін жетпеген, шекарашылар қару-жарағы бар дронды байқап қалған.
Өзбекстан шекарашылары Қазақстан шекарасына жақын маңында өзінің екі азаматын ұстаған. Сараптама нәтижесінде сәйкес, дрон арқылы Макаров тапаншасы жіберілген, онда алты оқ болған.
Тергеу алды тексеріс нәтижесінде қарудың Қазақстанның тұрғынынан 4 мың долларға сатып алынғаны белгілі болды.
Ұсталғандардың бірі 2012 жылы Өзбекстан ҚК-нің 97-бабы (Қасақана кісі өлтіру) бойынша сотталған, ал 2019 жылы ҚК-нің 169-бабы (Ұрлық) бойынша кінәлі деп танылған. Оған үш жыл мерзімге түзеу жұмыстары түріндегі жаза тағайындалған.
Қазіргі уақытта аталған тұлғаларға қатысты Өзбекстан ҚК-нің 246-бабы (Контрабанда) бойынша қылмыстық іс қозғалды және қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Айта кетейік, Қазнетте абақтыда отыратын камерасын таңдап жүрген күдіктінің видеосы тараған еді.
Желі қолданушыларының сөзіне сенсек, бұл адам осыдан аз уақыт бұрын Қылмыстық кодекстің "пара алу" бабы бойынша қамауға алынған қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары болуы мүмкін.
Облыстық полиция департаменті бұл фактіні растамаған, тіпті жоққа да шығармаған. Қазір зерттеп-зерделеу жұмыстары басталып кеткенін жазбаша түрде хабарлаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896318-kazakstandyktar-zbek-azamatyna-sekara-arkyly-dronmen-karu-zibergen/