Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы "Astana LRT" ісі бойынша екі күдікті әлі іздеуде жүр

Опубликовано:

Алаяқ1
Фото: sputniknews.kz

"Astana LRT" компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан мен қала әкімінің экс-орынбасары Қанат Сұлтанбеков интерпол желісі бойынша іздестіріліп жатыр деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Мұны жемқорлыққа қарсы агенттіктің екінші департамент басшысы Сергей Петров айтты. Қос күдікті мұхит асып кеткен болуы мүмкін. Құзырлы органдар олардың ізіне түскен көрінеді. Қазір осы іске қатысы бар деген күдікпен 7 адамның ісі сотта қаралып жатыр.

"Astana LRT" ісі қазір сотта қаралып жатыр. Күдікке іліккен 7 адам бар. Одан бөлек, тағы 2 күдіктіні интерпол желісі бойынша іздестіріп жатырмыз. Олардың қайда екенін анықтадық десек болады. Қазір өзге де құзырлы орындармен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз", – деді ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің екінші департамент басшысы Сергей Петров.

Агенттік қызметкерлері Шымкенттегі модульдік аурухананы салатын кезде ақша ұрланған болуы мүмкін дейді. Қазір олар бұл жайтты жіті тексеріп жатыр. Әзірге нақты бір адамдар күдікке ілінбеген. Ал Алматыдағы модульдік аурухана құрылысына қатысты жайттар аудиттік тексерістен кейін белгілі болмақ.

Еске салсақ, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов бұған дейін LRT жобасының құрылысын жалғастыру керек пе деген сауалға жауап берген болатын.

Алтай Көлгінов бастапқыда жоспарда LRT-ның екі тармағының құрылысы қарастырылғанын айтты. Біріншісі әуежайдан "Нұрлы жол" вокзалына дейін, екіншісі ескі вокзалға дейін салынуы керек болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896381-atysuly-astana-lrt-isi-bojynsa-eki-kdikti-li-izdeude-zr/

pixel