Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жандарбек Бекшин: Алматыда коронавирус жұқтырғандар азайып келеді

Жарияланған күні:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы коронавирус инфекциясының алдын алуға байланысты шектеу шаралары туралы брифинг өткізді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, Алматыда вирус жұқтыру көрсеткіші азайып келеді.

"Алматы қаласының қызыл аймаққа кіруіне байланысты жаңа шектеулер қабылданды. Аурудың апталық көрсеткіші 54,2 болып тұр. Қалыпты жағдайда 100 мың адамға 50 жағдай болады. Яғни индекс бойынша аурушаңдық 1-ден асып тұр. Өткен тәулікте 53 жағдай тіркелді. Осылайша коронавирус ауруының азайғаны байқалып отыр", - деді Бекшин.

Айта кетсек, Жандарбек Бекшин Алматыға қайтадан блок-бекеттер орнатыла ма деген сауалға жауап берген болатын.

"Қазіргі ауру деңгейі Алматы қаласының периметрі бойынша блок бекеттер орнату мен әуе қатынастарын шектеуді білдірмейді. Қоғамдық көлік штатты режимде жұмыс істейді. Қазіргі шектеу шаралары инфекцияның тарауына жол бермеу үшін жеткілікті" ,- деді Бекшин.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте елімізде 1469 адамға коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған еді. Соның 75-і оңтүстік астанада тіркелген. Ал жалпы ел бойынша ауру жұқтырғандар саны 183 999-ға жетіп отыр.

Сонымен бірге, отандық иммунологтар коронавирусқа қарсы вакцинаны қандай жағдайда салдыруға болмайтынын айтқан еді.

Мамандардың сөзінше, тұмауға шалдыққан және созылмалы ауруы ушыққан азаматтар вакцина салдыруға асықпағаны дұрыс.

Сонымен қатар коронавирус инфекциясын жұқтырған науқаспен байланыста болған және инкубациялық кезеңдегі азаматтар да вакцина салдырмағаны жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896410-zandarbek-beksin-almatyda-koronavirus-zktyrgandar-azajyp-keledi/