Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы мен Нұр-Сұлтан "қызыл" аймақтан шықты

Опубликовано:

Алматы тұрғындары
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймақтан шығып, "сары" аймаққа оралды. Бұны Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасынан байқауға болады.

Бағалау матрицасына сүйенсек, эпидемиологиялық ахуал бойынша Қазақстан әлі "қызыл" аймақта тұр.

Оның ішінде Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл аймақта.

"Сары аймақта" Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы және Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.

Еліміздің қалған барлық өңірі "жасыл" аймақта.

Айта кетейік, бұған дейін Алматының "қызыл" аймаққа өтуіне байланысты қалада жаңа шектеу шаралары енгізілген еді. Ол 1 ақпанда күшіне енеді.

Мысалы 1 ақпаннан бастап, Алматыда театр мен кинотеатрлардың, мәдениет нысандарының, ойын-сауық мекемелерінің, букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салынады.

Сонымен қатар облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдау қызметіне, 15 адамнан аспайтын кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне, балаларды сауықтыру маусымдық ұйымдарының (лагерлердің) қызметінде де тыйым салынады.

Одан бөлек, ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге рұқсат жоқ.

Ал коронавирус жұқтырған барлық жандар ауруханаға жатқызылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896496-almaty-men-nr-sltan-kyzyl-ajmaktan-sykty/

pixel