Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық ғалым коронавирусты жылдам анықтайтын экспресс тест ойлап тапты

Опубликовано:

тест852
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстандық ғалым, PhD, "Болашақ" бағдарламасының түлегі Болат Сұлтанқұлов COVID-19 індетін жылдам анықтайтын тест құралын әзірледі. Бүгінде экспресс тест зертханалық сынақтан сәтті өтіп, ендігі уақытта клиникалық сынаудан өткізілетін болады. Осы орайда отандасымыз экспресс тесттің қалай және қанша уақыт ішінде әзірлегені туралы ҚазАқпаратқа айтып берді.

Болаттың айтуынша, оған экспресс тест ойлап табу идеясы пандемия өршіп, коронавирус індетінен адамдар қайтыс бола бастағанда келген.

"Себебі адамдарға ПТР тесттің нәтижесін ұзақ күтуге тура келді, салдарынан індеттік жағдай өрши түсті. Осы орайда мен бір әрекет жасау керек деген шешімге келдім", - дейді ол.

Коронавирус індетін анықтайтын экспресс тестті әзірлеуге ғалымның 6 ай уақыты кеткен және оны осы саланың ғалымдарының кеңесіне сүйене отырып, толықтай өзі әзірлеп шыққан.

"Оған дейін нанодене технологиясы туралы білетінмін, сол технологияны табу мақсатында шетелдік ғалымдардан сұрастыра бастадым. Олардың қатарында Израиль, АҚШ, Иран, Швейцария ғалымдары бар. Соның ішінде швейцариялық ғалымдар сұрауымды қанағаттандырып, коронавирусқа қарсы нанодене технологиясын маған жіберді. Сол технологияға сүйене, қолдана отырып мен аталған індетті жылдам анықтайтын тест ойлап шығардым", - дейді Болат Сұлтанқұлов.

Оның сөзінше, тест барлық жастағы адамдар үшін қауіпсіз. Ол үшін адамның сілекейі қолданылады.

"Менің ойымша, бұл тесттің тиімділігі сол, коронавирус симптомы байқалған сәттен бастап 7 күннің ішінде анықтайды", - дейді Болат.

Ал бағасына келсек, тест ПТР және анти дене тесттеріне қарағанда арзан болатынын айтады.

"Дегенмен нақты бағасын дәл қазір айта алмаймын, себебі ол әлі есептеліп жатыр. Қаржыландыру мәселесі туралы айтар болсам, менің бұл жаңалығыма Назарбаев университеті қаржылай грант бөлді. Ендігі кезекті экспресс тестті нарыққа шығармас бұрын сараптамадан және сапасын дәлелдейтін тексерістен өткізу керек", - дейді ол.

Болаттың айтуынша, бүгінгі таңда өндіріске шығару мәселесі де талқыланып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896522-otandyk-galym-koronavirusty-zyldam-anyktajtyn-ekspress-test-ojlap-tapty/

pixel