Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда карантин шаралары жеңілдетіледі

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматы коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймаққа өтуіне байланысты, билік қаладағы карантиндік шараларды жеңілдететін болады.

Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді.

Оның айтуынша, карантиндік шектеу талаптарын жеңілдететін түзетулер енгізілетін болады.

"2021 жылдың 28 қаңтарына дейін өз күшінде болған карантиндік шектеу талаптарына қайта оралатын боламыз", - деді Байғабылов.

Естеріңізге сала кетейік, оңтүстік астана "қызыл" аймақта болған кезде шыққан қалалық санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша 1 ақпаннан бастап қалада карантинді күшейту жоспарланған болатын. Қаулыға сәйкес, 1 ақпаннан бастап келесі нысандардың қызметіне тыйым салынған еді:

1) театр мен кинотеатрлар;

2) мәдениет нысандары, ойын-сауық мекемелері, букмекерлік кеңселер;

3) облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдау қызметіне;

4) 15 адамнан аспайтын кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне;

5) балаларды сауықтыру маусымдық ұйымдарының (лагерлердің) қызметіне;

Одан бөлек, ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды, оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынған болатын.

Алайда, кеше Алматы "сары" аймаққа көшіп, бүгін "жасыл" аймаққа қайта енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896559-almatyda-karantin-saralary-zeildetiledi/

pixel